• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Сыбайластар сотталды

262 рет
көрсетілді

Англияның Жоғарғы соты БТА банктің Әблязов пен бұрынғы басшыларына қатысты аталған банктің талап-арызын қарау барысында Полу Кифреотисті сотты сыйламағаны үшін 1 жыл 9 ай түрмеге жабу туралы шешім қабылдады. Пол Кифреотис Әблязовтің негізгі сыбайластарының бірі және ол Кипрде Әблязовтің оф­фшор­лық компания жүйесін бас­қарған. Бұған қоса Кифреотис пен оның қыз­меткерлері ондаған оф­фшор­лық компаниялардың негізгі акционерлері, бенифицарлары және дирек­тор­лары  болып табылады. Олар осы компаниялар арқылы БТА банк­тің ұрланған қаржы­ла­рын бас­қа банктерге аударып отырған. Кифреотис 300 млн. доллар сомасындағы құнды қағаздардың ұрлануына байланысты шығын­дар­ды талап етіп отырған БТА банкке қарасты компанияларға, Әб­лязовке, Солодченкоға және басқа да адамдарға қатысты БТА банктің арызына жауап беруші болып табылады. Осы талап-ар­ыз­ға сәйкес, Англияның жоғарғы соты Кифреотистен өзінің активтері, сондай-ақ ақшалай қаржы­ның қайда аударылғандығы тура­лы ақпараттарды ашық айтуды талап етті. Кифреотис сотқа жалған ақпарат бергендігін мойындады. Оның мәлімдеуінше, ол жауап беруші кейбір адамдардың тарапы­нан қысым көрген. Бұған қоса, банк Кифреотистің Әблязов пен оның  қайынағасы Ша­лабаевтан 4,5 млн. фунт тө­леуді талап еткендігі туралы хатты сотқа тапсырды. Кифреотис – Британияның аза­маты, Кипрде тұрады. Банк осы шешімнің Кипрде мойындалуы жөніндегі мүмкін болған шара­ларды қарастыруда. Сондай-ақ Кифреотисті «сотты сыйламағаны үшін кінәлі» деп табу жөнінде Кипрде осы елдің заңы бойынша жеке процесс басталмақ. Кифреотисті түрмеге қамау туралы үкімнің шығарылуы – осы іске қатысты үшінші оқиға. Өйткені Англияның Жоғарғы соты бұған дейін БТА банктің талап-арызы бойынша Шалабаев пен Степановқа қатысты дәл осындай үкім шығарған болатын. Әблязов пен оның заңгерлері сот процесін тоқтату немесе мезгілін созу мақсатында мүмкін болған барлық қадамдарға баруда. Дегенмен Әблязовті сотты сыйламағаны үшін жауапқа тарту процесі 2011 жылы 28 қарашада басталады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар