Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алмазбек Атамбаевты Қырғызстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында елде тұрақтылықтың одан әрі нығайып, саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту тереңдей түсетініне сенім білдірді, сондай-ақ Алмазбек Атамбаевқа Қырғызстан Президенті лауазымындағы жауапты қызметінде табыстар, ал бауырлас қырғыз халқына игілік, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.