• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Мұрагер ханзадамен кездесті

337 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, Абу Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Тараптар екіжақты өзара іс-қи­мыл­дың жай-күйі мен перспективасын тал­қылады. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта «Абу Даби Плаза» көп салалы кешенінің жобасы іс жүзінде құрылыс жұмыстары сатысына көшкенін атап өтті. Тараптар посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ислам банкі – «Әл-Хиляль» бан­кі­нің табысты қызметін ерекше атап өтті. Мұрагер ханзада екіжақты ынты­мақ­тастықтың қарқынына қанағаттанушылық білдірді және БАӘ Қазақстанмен мұнай-газ және мұнай-химия салаларында жемісті ын­ты­мақтастықты дамытуға дайын екенін атап өтті. Әмірлік тарабы Қазақстан­ның ауыл ша­руашылығы саласына ерекше қызығушылық танытуда. Биылғы жылы қазақстандық ас­тықтың мол жиналғанын ескере отырып, әмірлік тарабы қазақ­стан­дық бидай экспор­ты мәселесін қарас­тыруға дайын. Тараптар сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім жобасына қол қоюға дайындыққа қатысты прогреске қол жеткізілгеніне қанағаттанушылық білдірді. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.