• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланды

309 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Премьер-министрдің орынбасары – БАӘ-нің Президент істері бойынша министрі шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және ин­вес­ти­ция­лық салалардағы ынтымақтас­тық­ты одан әрі дамыту және нығайту мә­селелері талқыланды. Атап айтқанда, алдағы уа­қыт­та Абу-Даби қаласында Қазақстан-Әмірліктер үкіметаралық ко­миссиясының 5-отырысын өткізу мәсе­лесі, сондай-ақ Қа­зақстанның Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен инвестициялық ынтымақтас­ты­ғын дамытуға арналып, биылғы жылдың қазан айында Абу-Даби қаласында өткен бизнес-форумның қоры­тындысы тал­қы­ланды. Мемлекет басшысы форум аясындағы қазақстандық және араб компаниялары арасында қол жеткізілген уағдаластықтар нақты жоба ретінде іске асырылатынына сенім білдірді.