• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

«Алтын ұрпақ» шәкіртақысы тағайындалды

454 рет
көрсетілді

«Тыныс» акционерлік қоғамы, «Алтынтау-Көкшетау» алтын кеніші және «Көкшетаужолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетау политехникалық колледжінің бір топ оқушысына «Алтын ұрпақ» шәкіртақысын беруге ұйғарым жасады. Әлеуметтік әріптестік бағытындағы бұл көмекті оқуда ғана емес, өндірістік тәжірибеде жақсы қырынан көрінгендер иемденеді. Колледжбен байланыс хаттамасының шарттарына сай «Тыныс» АҚ машина құрылысы технологиясы мамандығы бойынша білім алып жатқан Әнуар Есенжоловқа, Василий Марковқа және Виталий Путинцевке айына 7 мың теңгелік шәкіртақы тағайындаса, «Көк­шетау жолдары» серіктестігі жаз айларында «Көкшетау-Петропавл» жолының құрылысында еңбек еткен Мақсат Қапаров пен Алексей Грудевті 10 мың теңгеден көтермелеуді ұйғарды. Ал «Алтын­тау­лықтар» пайдалы қазбаларды байыту мамандығын игеріп жатқан бес оқушыға «Алтын ұрпақ» шәкіртақысын бере бастады. Арнайы шәкіртақы иегерлерінің барлығы оқуды бітірген соң аталған кәсіпорындарға жұмысқа орналасатын болады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.