Концессиялық негізде ұшып-қону алаңын қайта салудың нәтижесінде Ақтау халықаралық әуежайы әлемдегі ең алып ұшақтарды қабылдауға қол жеткізді. 1988 жылы орбиталық космостық кемелерді тасымалдау мақсатында Украинада құрастырылған АН-225 маркалы «MRIЯ» алып әуе кемесі Ақтау әуежайына қонды. Он жылдан бері коммерциялық негізде ұшудағы ұшақ Түркиядан теңіз арқылы әкелінген. Қарағанды темір-бетон зауытына қажетті жабдықтарды Қарағандыға апару үшін жалға алыныпты. Бірнеше рет әлемдік рекорд жасап «Гиннестің» рекордтар кітабына енген ұшақтың таза салмағы 250 тонна, ұзындығы 84 метр, биіктігі 12,2 метр, қанаттарының ұзындығы 88,4 метрге жетеді екен. Алып АН-225 әуе кемесін елімізде Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды әуежайлары ғана қабылдап, ұшыра алады. Алып ұшақ тиелген жүкті Ақтаудан-Қарағандыға 2,5 сағатта ойдағыдай жеткізді, – дейді Ақтау халықаралық әуежайының директоры Жоламан Бошалақ,
Ерғазы Жолдасов.
Маңғыстау облысы.