• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Олимпиадаға дайындық пысықталды

282 рет
көрсетілді

Спорттық жарыстардың төресі саналатын Олимпиялық ойындар болса, ондағы жеңіске жиі иек артатынымыз тағы да бокс. Ал біз аталған спорттан биік белестерді бағындырудамыз деп ауыз тол­ты­рып айтамыз. Дұрыс. Алайда осы деңгейге жету үшін маңдай тердің төгі­летінін қан­ша­­лықты білеміз. Осы ретте еліміздегі бокс мектептері мен сек­ция­ла­рын­да шыңдалып жатқан жастарды іріктеуде облыстық, респуб­ли­калық турнирлер мен кубоктардың берері мол. Қазақстан бокс феде­рациясының алдағы кезде дәстүрге енгізілген респуб­ли­ка­лық арнайы кубогы да респуб­ли­каның талант­ты боксшыларын танып, Олимпия ойындарында топ жар­ғызуға саяды. Таяуда Астанада еліміз бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығы­мен өткен федерацияның атқару комитетінің отырысы да осы төңіректегі тақырыптарға арналды. Аталмыш отырыста сөз алған бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі бекіткен кестеге сәйкес 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына дайындық барыс­та­ры жайына тоқталды. – Қазіргі таңда «Сарыағаш» шипа­жайын­да демалып жүрген боксшылар сауықтыру шараларынан өткеннен кейін Ас­танаға келіп, шартты жиындарға қатысады. Содан кейін Алматыда медициналық тексеруден өтіп, бұйыртса арнайы дайындыққа кіріспек. Ал желтоқ­сан­ның ортасына таман біздің қырандар Бразилияда өтетін оқу-жаттығу жиын­дарында күш-жігерлерін сынап көреді, – дейді бас бапкер. – Бокс федерациясының кубогы жарысының негізгі мақсаты – елі­міз­­дегі боксқа ден қойған өрендердің таланттарын ашып,оны ары қарай да­мыту болып табылады. Федерация президенті Тимур Құлы­баев­тың бас­тамасы­мен жылда өткізіп тұруды дәстүрге енгізу жолға қойылып отыр. Осылайша біз Азия, Әлем чемпионаттары және Олимпия ойын­дарында жүлде әперер жастарды тануға мүмкіндік аламыз деп ойлай­мын. Тәуел­сіздіктің 20 жылдығына орай өткізілетін бұл кубокты 16 желтоқсанда Астанада сарапқа салады, – дейді аталған федерацияның төрешілер құрамы бойынша жұмыс­тарды үйлестірушісі А.Егеубаев. Сондай-ақ, ол төрешілік ету саласындағы жетіс­тіктерді де назардан тыс қалдырмады.- AIBA дәрежесіндегі үш жұл­дыз­ды төреші атақтарын бұған дейін бес жерлесіміз алса, былтыр бұ­ған тағы да үш отандасымыз қосылып, мерейімізді үстем етті. Бұл әлем­дік деңгейдегі үлкен көрсеткіш! Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.