• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Апат зардаптарын жоюға қаржы бөлді

473 рет
көрсетілді

Жапония үкіметі «Фукусима-1» апатты АЭС опера­торы – Терсо компаниясына 900 млрд. иен (шамамен 11,5 млрд. доллар) бөледі. Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл ақша компания басшы­лығына 2011 жылдың наурызындағы зілзала мен цунами тудырған апаттар зардаптарын жоюға көмектесетін болады. Атап айтқанда,  осы қаржыдан реакторды тоқтату жұмыстары үшін ақы төленеді. Қаржы үкіметтің жапон АЭС-тары операторларымен бірлесіп құрған арнайы қордан бөлінеді. Тәртіпсіздіктерге ұласқан ереуіл АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қала­сында  «Оклентті басып ал» ұранымен өткен бейбіт шеру соңы тәр­тіп­сіздіктерге ұласты. Ереуілшілер қала орталығында витри­на­ларды қиратып, дүкендерді тонай бас­таған. Полициямен қақтығыс кезінде 80 адам тұтқындалды. Тәртіпсіздіктердің жаппай өріс алып кетуінен қаймыққан полиция ереуілшілерді тыныштандыру үшін шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болған. Шахтада орын алған апат Қытайдың Хэнань провинциясындағы көмір шахтасын­да болған жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 57 адам жер астында қалған. Апат болған кезде шахтада 75 кенші жұмыс істеп жатқан екен. Олардың 14-і өз беттерімен жоғарыға шыққан көрінеді. Қазіргі уақытта шахтада құтқару операциясы жүргізіліп, жарылыс себептері анықталуда. 29 қазанда Хунань провинция­сындағы шахтада да жарылыс болып, онда 28 кенші қаза тапқан  болатын. Референдумнан бас тартты Грекия премьер-министрі Йоргос Папандреу, күткен­дегіге кереғар, өзінің мерзімінен бұрын отставкаға кететіндігі туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Оның есесіне өз кабинеті мүшелерімен келіссөз жүргізіп, Еуроодақ тарапынан болатын көмек мәселесі бойынша референдум өткізуден бас тартты. Сондай-ақ ол елде ұлттық бірлік үкіметін құруға да келісім беріп отыр. Жаңарған үкімет құрамына Антонис Самарас көшбасшысы болып табылатын грек оппозициясының өкілдері де кіреді деп күтілуде. Флотилия қарсылық көрсетпейді Кезекті «бостандық флотилиясын» құраған екі кеме шамамен Газа секторынан 150 шақырымдай жерде тұр. Экспедицияға қатысушылар олардың өздері белгілеген жеріне барар алдында жалпы отырыс өткізулеріне дауылдың кедергі келтіргенін мәлімдеген. «Блокаданы бұзуға» талпыну­шылар арасындағы араб журналисі жағалауда өздерін ұстап, Газа секторына өткізбеу қамын жасайтын израильдік теңіз­шілерге қарсылық көрсетілмейтінін атап көрсеткен. Болжам бойынша екі кемедегі белсенділер саны 27 адамды құрайды. Саяси дағдарысты шешу шаралары Араб мемлекеттері лигасы араб және халықаралық БАҚ өкілдерін Сириядағы ахуалды оқиға орнына келіп, жазып көрсетуге шақырды. Дамаскіге қарсы «ақпараттық соғыс» өртін тұтатады деген айыппен осыған дейін Сирия өкіметі шетелдік журналистердің өз аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған болатын. Жақында Сирия мен Араб мемлекеттері лигасының Министрлік  комитеті елдегі саяси дағдарысты шешу бойынша келісімге қол жеткізді. Белгіленген жоспар бойынша армияның танк бөлімшелері қаладан шығарылып, үкімет пен оппозиция арасында  келіссөздер жүруі тиіс. Әскери базадағы жарылыс Ирактың Бакуба қаласында екі бірдей бомба жарылып, со­ның салдарынан алты адам қаза тауып, 23 адам зардап шеккен. Бұл алдын-ала алынған мәліметтер, бізге жаралыларды әлі де әкелуде, деп мәлімдеген Дияла провинциясы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Фарис әл-Аззави. Жарылыс Багдаттан 65 шақырым жердегі әскери базаның жанында, солдаттар айлықтарын алу үшін кезекке тұрған кезде орын алған. АҚШ басты кибершпиондарды атады АҚШ үшін өнеркәсіптік және эконо­ми­калық саладағы шпиондық қаупі Қы­тай мен Ресейден туындайды, делінген АҚШ қарсы барлау басқармасының баяндамасында. Аталған құжатта өнеркәсіптік шпионаж Америка қауіп­сіздігіне ең басты қатерлердің бірі ретінде  атап көрсетілген. Оны жазу­шылар өнеркәсіп саласындағы маңызды ақпараттар мен жаңа талдамаларды ұрлау мақсатындағы  шпиондықпен ондаған елдердің  барлау қызметтері, компаниялары және қарапайым азаматтары айналысады деп есептейді. Әзербайжандық еврейлер неге ашуланды? Ресейлік журналист В.Соловьевтың «арсыз мінез-құл­қы» Әзербайжанның таулық еврейлері діни қауым­дас­ты­ғының ашу-ызасын тудырды. Олар армян-әзербайжан жанжалын Холокостпен салыс­тыруға болмайды деп есептейді. Холокост еврей халқын жек­көрушілік салдары болып табылады. Әзербайжанда этностық немесе діни жеккөрушілік жоқ. Айта кету керек, Мәскеу-Баку рейсіне ұлты армян С.Гюрджиянның отырғызылмауын аталған журналист Холокостпен теңеген болатын. Иттері үргендер айып төлейді Лос-Анджелесте бұдан былай  10 ми­нөт­тен ұзақ уақыт үрген иттердің қожайындары айыппұл төлейтін болады. Қала тұрғындарының түні бойы үрген иттер адамға ұйқы бермейді деген көптеген шағымдарына байланысты Лос-Анджелес со­ты осындай қаулы қабылдаған. Иттердің үру ұзақтығын қалалық бақылау қызметінің қызметкерлері анықтай­тын болады. Ит қожайыны бірінші «кінәсі» үшін – 250, екінші жо­лы – 500, ал үшінші жолы 1000 доллар айыппұл төлейтін болады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.