Бүгін Астанада 2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпиондықты финалдық кезеңге шыққан "Ертіс", "Қайрат", "Ордабасы" жəне "Астана" жасөспірімдер командалары сарапқа салды.
Біріншіліктің қорытындысы бойынша оңтүстіктің жас өрендерін 2-0 есебімен жеңген "Астана" жасөспірімдер командасы чемпион атанды. Павлодардың "Ертісі" үшінші орынға болған ойында "Қайратқа" есе жіберді.
Вячеслав Прокопенко "Астана" жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы: - Өте тартысты ойындар болды. Жалпы, біріншілікте екі рет жеңілдік, бір ойын тең түстік. Қалған ойындардың барлығын жеңдік. Финалдық ойындарда қайсарлық көрсеткен командама рахмет айтқым келеді. Жан-жақты қолдау көрсеткен клуб басшылығына ризашылығым шексіз. Жасөспірімдер арасында өтетін чемпиондары лигасына жолдама алғанымызға қуаныштымын.
Еркебұлан Жомарт