• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі №02-02-18/179

317 рет
көрсетілді

2011 жылғы 13 қыркүйек,   Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы 16 қыркүйек                    №298                            Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы  заңнамасының орындалуы үшін  жеке кәсіпкерлік саласындағы  тәуекелдер дәрежесін бағалау  өлшемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. «Туристік қызмет (туроператор, турагент) және ойын бизнесі саласындағы қауіп-қатерлер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 01-01-07/26 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 70 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6117 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 97-98, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 147-149 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ. Кәкен): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ. Кәкенге жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің     Экономикалық даму және сауда міндетін атқарушы     министрінің міндетін атқарушы _______________ Ә. Пірметов    _______________ М. Құсайынов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13  қыркүйек № 02-02-18/179, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16  қыркүйек № 298  бірлескен бұйрығымен бекітілген Туристік қызмет туралы заңнаманың орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері 1. Осы Өлшемдер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес туристік қызмет (туроператорлық, турагенттік қызмет) субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді. 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған: 1) бақылау субъектісі – туристік операторлар (туроператорлар), туристік агенттер (турагенттер); 2) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде, адамның өміріне немесе денсаулы­ғына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға­лар­дың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне сал­да­рының ауырлық дәрежесі ескерілетін зиян келтіру ықтималдығы. 3. Тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері жоғары, орташа не болмашы тәуекел дәрежесі бар топтарға жатқызылады. 4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері объективті және субъективті өлшемдерге бөлінеді: 1) объективті өлшемдер – бақылау субъектілерінің қызметін жүзеге асырған кезде болуы мүмкін тәуекелдің маңыздылығына негізделген; 2) субъективті өлшемдер туристік қызмет (туроператор, турагент) субъектілері жол берген белгіленген заңнама талаптарды бұзушылықтарға байланысты анықталады. 5. Тәуекел дәрежесі бойынша бақылау субъектілерін алғашқы реттік бөлу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет субъектілері объективті өлшемдер бойынша мынадай тәуекел дәрежелеріне бөлінеді: - орташа тәуекел дәрежесі – туристік қызметті 5 жылдан аз жүзеге асыратын туроператорлардың қызметі; - болмашы тәуекел дәрежесі – туристік қызметті 5 жылдан артық жүзеге асыратын туроператорлардың қызметі. 6. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына келесі бөлу тиісті балл берілетін субъективті өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады: туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болмауы – 3 балл; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде олар кездесуі мүмкін қауіп-қатерлер туралы туристік қызмет көрсету ережесінде көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы, уақытында немесе толық ұсынбауы, не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы – 3 балл; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің жанұясына саяхат жасау барысында туристермен болған төтенше оқиғалар туралы ақпарат бермеуі немесе ақпаратты уақтылы ұсынбауы – 3 балл; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шартты жасаспай туристік қызмет көрсетуі – 2 балл; туристік білімі бар қызметкердің, соның ішінде гидтердің (гид-аудармашының), саяхат жетекшісінің, туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуге лицензиясы бар туризм нұсқаушыларының болмауы – 2 балл; меншікті немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристік өнімге кіретін жекелеген қызметтерді ұсынатын тұлғалармен шарттардың болмауы – 2 балл; меншікті кеңсесінің немесе кеңсе үшін жалға алынған үй-жайының болмауы – 2 балл; туристерге қызмет көрсету бағдарламасының болмауы -1 балл. 7. Алған баллдарының жалпы қосындысына байланысты: жоғары тәуекел дәрежесіне 6 және одан жоғары балл алған бақылау субъектілері жатқызылады; орташа тәуекел дәрежесіне - 4 баллдан 6 баллға дейін; болмашы тәуекел дәрежесіне - 4 баллға дейін. 8. Тәуекел дәрежесі бір деңгейдегі бақылау субъектілерін тексерулерді басымдықты жоспарлау үшін ең көп балл жиыны негіз болып табылады. 9. Тексерулерді жоспарлау соңғы тексеру күнін ескере отырып жүргізіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7218 болып енгізілді.