• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Жоспарға сәйкес жүзеге асты

317 рет
көрсетілді

Жақында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Отырыс аясында депутаттар ҰҚК ШӘ «Оңтүстік» Өңірлік басқармасының бірқатар объектілерін аралап, әскери бөлімдерінің, «Жібек жолы» кедендік бекетінің қызметтерімен, Мемлекеттік шекараның орналасу барысымен танысты. Әскери қызметшілермен кездесу барысында қызмет өткерудің жекелеген мәселелері қаралды. Депутаттарға шекарашылардың эпикировкасы, қазіргі заманғы қару, әскери техника үлгілері, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдары көрсетілді. Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғаудың, сондай-ақ қызмет өткерудің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының деңгейін зерделеу үшін жекелеген әскери бөлімшелердің басшылығымен, сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен және азаматтық қызметшілерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жайлы кездесулер өткізілді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бұл сапары төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бесінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.