• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Жаңа вице-министр тағайындалды

278 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов кеше Ләззат Мұратқызы Танысбайды Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі етіп тағайындады. Ләззат Танысбай 2001-2002 жылдары – «Хабар» ЖАҚ-тың Астана­дағы Орталық бюросының атқарушы продюсері, 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің сектор мең­герушісі болған. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап – Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ләззат Танысбай «Қа­зақ­стан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрба­сы­ның бірінші орынбасары болған. «Егемен-ақпарат».