• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қараша, 2017

Үздік әлеуметтік ролик сценариіне байқау жарияланды

571 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үздік әлеуметтік ролик сценариін анықтауға арналған «Ниет» байқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бас жүлдеге 1 миллион теңге, 2-орынға Apple MacBook, ал 3-орынға Canon цифрлық камерасы тігіліп отырғанын бәсекеге кез келген кісі қатыса алады.

Бұдан бөлек жүлделі орын иеленбеген 10 үздік жұмыс Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің әлеуметтік роликтеріне арналған идеялар базасында сақталып, авторларына 30 000 тг көлемінде сыйақы беріледі. 

Техникалық талаптар:

Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды Байқау тілі – қазақ және орыс тілінде Тақырыбы – еркін тақырып

Талаптары: 

Өзекті әрі заманға сай болуы;  Идеясының ерекшелігі; Жинақы әрі эмоционалды болуы; Композициялық үйлесім және толық тұжырымдалуы тиіс.

4. Сценарий көлеміне шектеу қойылмайды.

5. Сценарий форматы:

Мәтін файлы – MicrosoftWord  Қарпі (шрифті) - Arial  Қаріп көлемі - 14

6. Қатысушының байланысқа қажетті ақпараты:

Байланыс телефонының нөмірі  Электронды пошта мекенжайы  Тұратын қаласы / ауылы

Байқаудың қазылар алқасы құрамында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, режиссер Ақан Сатаев, «Қазақстан» РТРК АҚ  Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, StandardLife акционері Дәурен Күмпейісов, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова және Қазмедиа Медиамектебінің директоры, журналист Махаббат Есен бар. 

Өтінімдер 2017 жылдың 27 қарашасы мен 24 желтоқсаны аралығында baiqau@mic.gov.kz электронды мекенжайы арқылы қабылданады.