«Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Мемлекет басшысының қазақстандықтарға жолдаған биылғы Жолдауында атап көрсетілген бұл міндеттің маңызы зор. Алматыда өткен «ТМД мүше-мемлекеттері білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі интеграция» атты халықаралық форумда кәсіби шеберлікті қалыптастыруда озық әдістерді енгізу және өзге де мәселелер кеңінен сөз болды. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаз тәжірибесі мен біліктілігі ең басты орын алатындығы сөзсіз. Сондықтан да қазіргі жаһандану мен интеграция жағдайында бүгінгі күннің жоғары талабын ескере отырып, педагогтардың ізденіс аясын, іскерлігі мен қабілетін кеңейте түсу басты шарт. Бұл орайда қазіргі талапқа сай білім беру технологиясын, сонымен қатар, электронды білім беру жүйесін енгізудің берері мол. Халықаралық форумды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Білім және ғылым министрлігі Білім беру жүйесі басшылары және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлнас Ахметованың пікірінше, «Қазақстанның бүгінгі қарқынды дамуы – біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлеріне де, жаһандану дәуіріне қадам басқан жастарға да білім беруді жаңаша түрде жүзеге асыруға жетелейді».
Халықаралық форумда сөз алған Украина Менеджмент және білім университетінің бірінші проректоры Евгения Чернышева «Жаһандану кезеңіндегі ғылым мен білімге қойылатын жоғары талап» төңірегінде ой қозғады:
Сонымен, ТМД кеңістігінде сала мамандарының білімі талапқа сай дамып, одан әрі жетілдіріле түспек.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
Алматы.