Америкалық әпкелі-сіңлілі Серена және Винус Уильямс теннистен Австралияның Ашық чемпионатының финалында кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Винус жартылай финалда отандасы Коко Вандевегені (6:7, 6:2, 6:3) ұтты. Ал Серена Хорватияның намысын қорғаған Мирьяна Лучич-Барониден (6:2, 6:1) басым түсті.
Финалдық ойын сенбі, 28 қаңтар күні өтеді. Кіші Уильямс Австралияның Ашық чемпионатында алты рет жеңімпаз болған, ал Винус финалда тек бір рет қана ойнаған. Апалы-сіңлілердің кездесуі — 16:11 есебімен Серенаның пайдасында.
Australian Open – «Үлкен шлем» турнирі маусымындағы алғашқы сайыс. Жалпы жүлделік қоры 36 млн доллардан асатын бәсеке 16-29 қаңтар аралығында Мельбурнде өтуде.