• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2011

Жемқорлыққа қарсы күрес ымырасыз болуы керек

315 рет
көрсетілді

Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Ол сонымен бірге салық қызметі органдары үшін де көкейкесті мәселе болып табылады. Жем­қорлық әлеуметтік құбылыс ретінде салық қызметі органдарының құзыретіне теріс әсе­рін тигізіп, салық төлеушілердің сенімін жо­ғалтады. Бұған қоса мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуын тежеп, еліміздің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне едәуір кесірін тигізетіні анық. Қазіргі таңда «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында барлық түсініктерге, жем­қорлықты туындататын құқық бұзушы­лықтар мен жауапкершіліктерге анықтама берілген. Жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу үшін азаматтық қоғам институттарын біріктіру қажет, себебі жалған экономикалық өркендеу тек жемқорлық белең алған мемлекетке ғана тән. Осыған сәйкес мемлекеттік құрылымдар­да жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ басқарма қызметкерлері арасында да осы кеселге қарсы тұру бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде. Қазірге күнде салық қызметі органдарын­да электрондық салық қызметін ұсыну арқы­лы салық төлеушілермен байланыс азайты­лып жатыр. Салық төлеушілер өтініштерінің орындалуын бақылайтын терминалдар, күн сайын әр түрлі мәселе-сұрақтармен келетін жүздеген салық төлеушілерге қызмет көрсе­те­тін ақпараттарды қабылдау және өңдеу орта­лықтары ашылған. Бақылау жүргізу мақсатында орталық­тарда бейнебақылау камералары орнатылған. Кез келген салық төлеуші өзінің ескертулері мен тілектерін білдіріп, арыз-ұсыныс жазуға арналған журнал ашылған. Уақытында ескерту шараларын орындау мақсатында салық басқармасында 37-68-03 «сенім телефоны» жұмыс істейді. Осы нө­мір­ге байланысу арқылы салық төлеуші са­лық­тан жалтарған салық төлеуші немесе салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекеті (әркетсіздігі) жайында хабарлай алады. Келіп түскен бірде бір мәлімет қараусыз қалмайды, соған сәйкес шаралар қолданылады. Қызметкерлердің моралдық бет бейнесін көтеру үшін профилактикалық шаралар жүр­гізілуде. Қызметкерлер үнемі салық, әкімші­лік және жемқорлыққа қарсы күрес заңна­малармен танысып отырады. Жемқорлыққа қарсы күрес – бұл қоғам­ның біртұтас жұмысы. Тек ортақ күш-жі­гер­мен мемлекеттік қызметкер де салық төлеуші де оған қарсы тұрса, мемлекет қойған басты ба­сымдық пен мәселені шешуге әбден болады. Анар ЕСПОЛОВА, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы.