• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2011

Парламентаралық ассамблея отырысына қатысады

390 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми үстіміздегі жылғы 9 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламент­ара­лық Ассамблеясы (ТМД ПАА) Кеңесінің Санкт-Петер­бургтегі отырысына қатысады, деп хабарлады Сенаттың бас­пасөз қызметі. Отырыстың күн тәртібінде ТМД ПАА Кеңесі Төрағасын сай­лау, ТМД мен ПАА-ның 20 жылдығына арналған шаралар жос­парын жүзеге асыру, Дос­тас­тық елдеріндегі мемлекеттік билік органдарына сайлауды бай­қау­ға ТМД ПАА өкілдерінің қа­ты­суы мәселелері бар. Екіжақты қатынастар мен пар­ламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін тал­қылау үшін Ресей Федера­ция­сында болған кезде Қ.Мәми ТМД-ға қатысушы мемлекет­тер­дің бірқатар парламенттерінің басшыларымен – Ресей Фе­де­ра­циясынан – В.Матвиенко және Б.Грызловпен, Украинадан – В.Лит­винмен, Тәжікстаннан – М.Убайдуллоевпен, Беларусьтен – А.Рубиновпен кездесулері жос­парланып отыр. Сенат Төрағасының Санкт-Петербургке сапары барысында ЕурАзЭҚ ПАА Жауапты хат­шы­сы П.Зверевпен кездесуі де көзделуде.