Шығысқазақстандық қос бірдей спортшы Швецияның Рука қаласында өткен фристайл могул бойынша әлем кубогінің алғашқы кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Күні кеше аталмыш спорт түрінен кіл мықтылар сынға түскен жарыста шығысқазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, іріктеу сайысында көш басында тұрған Дмитрий Рейхерд финалдық бәсекеде 85.11 ұпай жинап, әлем кубогінде күміс медаль еншіледі. Қола жүлде 84.44 ұпаймен тағы бір шығысқазақстандық спортшы Павел Колмаковқа бұйырды. Қазақстандық спортшылардың алдын орап кеткен тәжірибелі спортшы, әрі Сочи олимпиадасының күміс жүлдегері Майкл Кинсбери 87.45 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Алдағы күндері ШҚО спортшылары Қытай жерінде өтетін әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетеді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы