• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Желтоқсан, 2017

Нью-Йорктің орталығында жарылыс болды

229 рет
көрсетілді

Нью-Йорк полицейлері Манхэттендегі Таймс-скверлердің жанында болған жарылыстың себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды bbc.com.

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша оқиға Нью-Йорктың орталығындағы Порт-Атури автобус терминалында болған.  Ондағы автовокзал эвакуацияланып, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Бейнекамера арқылы онда көптеген жедел жәрдем машиналары мен қызметкерлерін байқауға болады. А, С және Е желілерінің маңындағы метро станциялары да сақтық үшін эвакуацияланды. 

ABC телеарнасы полицияның жасырын дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, терминалдың жер асты өткелінде бомба жарылғанын хабарлап отыр. CBS мәліметінше, бомбаны жарушы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Ал WPIX телеарнасы жарылғыш құрылғы бар екінші адам метро туннелінде ұсталғанын хабарлады.

Порт-Атори – АҚШ-тағы ең ірі автовокзал. Ол жылына 65 миллион адамға қызмет көрсетеді.