• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2017

Дін тақырыбын жариялау бойынша журналистерге арналған тренинг өтті

360 рет
көрсетілді

Астанада Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі» өтті.

Шараның мақсаты – дін саласындағы тақырыптар төңірегінде қалам тербеп жүрген журналистермен, БАҚ өкілдерімен және сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен діни бағыттағы мемлекеттік саясатты іскеасыруды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша пікір алмасу, басымдықтарды анықтау және ұсыныстар беру.

Жиынға жетекшілік еткен Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әлия Әбілдинова алғы сөзінде бүгінгі қоғамның радикалдық идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастырудағы БАҚ өкілдерінің рөлін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, комитеттің дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында жүргізіліп отырған жұмыстар мен ондағы басымдықтарға кеңінен тоқталды.

«Осы ретте қазақстандық қоғамда қалыптасып отырған конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жүйелі саясаттың нәтижесі. Сол себептен БАҚ өкілдерін қоғамымызда берік орныққан татулық пен келісімді, зайырлы қағидаттар мен дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға және тұрғындардың бойында радикалдық діни ағымдардың теріс идеяларына қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру ісіне белсенді қатысуға шақырамын» деді Ә.Әбілдинова.

Семинар-тренинг аясында елімізге кеңінен танымал журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика институтының директоры Намазалы Омашев пен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникация қызметінің басшысы Анастасией Щегорцова және Қазақстан Республикасы Президеті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Гүлназ Набидіни нысандарға байланысты ақпарат таратуды түсіндірудің заманауи әдістері бағыты бойынша тақырыптық баяндама жасады. Жиын соңында іс-шараға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»