• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Желтоқсан, 2017

Ақпараттың қайнар бұлағы

487 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы іргелі білім ошақтарының бірі – №2 «Мұрагер» мектебі. Бұл өзі үш тілде білім беретін, мамандандырылған оқу ордасы. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы тілшілер қосыны өскелең ұрпақты білім нәрімен жан-жақты сусындатып отырған «Мұрагер» мектебінің мұғалімдерімен кездесті. 

 Кездесуге қатысқан баспасөз ардагері, кезінде газеттің Жез­қазған және Қызылорда облыс­та­рындағы меншікті тілшісі болған Өтеген Жаппархан бас басылымның тарихынан терең сыр шертті. Бас ба­сылымның әр жылдар бедеріндегі кел­беті, бет-бейнесі турасында, қа­­лам ұстаған қайраткерлердің бас редакторлық мектебі жайында ке­ңінен толғап әңгімеледі. Сондай-ақ газеттің соңғы уақыттағы бағыт-бағ­дары, газеттегі өзгерістер ха­қын­да баян етті.

«Егемен Қазақстан» кейінгі бір жыл ішінде үлкен өзгерістерге ұшы­рады. Талдамалық, сарап­та­малық мақалаларға жиі орын бе­рі­леді. Халықаралық жағ­дай­ларды тереңінен қаузап жазады. Соның ішінде шетелдік са­рап­шылардың пікірін жария­лайды. Бұл «Егеменнің» өз іші­мізде ғана қайнамай, әлемдік ақпарат айдынына шыққанының белгісі. Мұ­ның айқын айғағы ретінде, га­зет­­те жарияланған ма­қала­ларды әрісі Түркия, Фран­ция, бері­сі Қыр­­­ғызстанның белді басы­лым­да­ры­ның аударып басып жат­қанын айт­сақ та жеткілікті», деді ардагер жур­налист.

№2 «Мұрагер» мектебінің директоры Зәуре Баймағамбетова ақпарат ғасырында аға газет­тің бас­ты дереккөз болып қа­ла беретінін, қазіргі кезде ақпа­раттың айтулы қайнар бұлағы бо­лып отырғанын жеткізді. Ал мек­теп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ай­гүл Өткелбаева «Тәлім» бетінде мұ­­­ғалімдердің педагогикалық, ме­тодикалық мақалалары жиі жарық көріп жүргенін, осы ар­қылы өзге мектептердің озық үл­гілері оқу барысында пайдаға асып жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта мектеп мұғалімдері білім саласын қаузауға атсалысып, өз тәжірибелерімен бө­лісуге ниетті екендерін жеткізді. Со­нымен қатар басылымның Ұлттық бір­ыңғай тестілеудің сұрақтарын жа­риялауы оқушыларды сынақ­қа дайындауда үлкен рөл атқарға­нын айтты. Ал қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі Айгүл Шәдібекова Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көлемді мақалалар ұсынып, ұлт руханиятына зор үлес қосып жатқанына баса мән берді.

Кездесу барысында латын қар­піне өту, білім саласындағы жаңа стан­дарттар, тәрбие мен тәлім, салт-­дәстүр, қоғамдағы басқа да өзек­­ті тақырыптар жа­йын­да сөз қоз­ғалып, қызу пікірталас болды. Мұ­­ғалімдер, өзге де газет редакциялары оқырмандармен осындай кез­десулер ұйымдастырса, осы тектес пікір алмасулар жиі болса деген ниетпен тарқасты.

Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА