• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2017

Сенат тағайындауға келісім берді

363 рет
көрсетілді

Сенат Ж.Асановты Жоғарғы Сот Төрағасы етіп сайлады және Қ.Қожамжаровты Бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бүгін Сенатта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Палатаның отырысы болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген ұсынуы бойынша сенаторлар Қайрат Мәмиді Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметінен босатты. Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Сенат қаулысымен Жақып Асанов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы Бас прокурорының лауазымына тағайындауға келісу үшін Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын Сенатқа ұсынды. Конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес Сенат тағайындауға келісім берді.