• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2011

Сенаторлар Ақкөлде болды

213 рет
көрсетілді

«Ақкөл» ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені 2005 жылдан бері жұмыс істейді. ТМД елдерінде теңдесі жоқ ор­та­лық іске қосылғалы ұлттық ғарыш сала­­сын дамыту, тың жобаларды енгізу бағы­тын­да көптеген жұмыстар атқа­рыл­ды. Алайда әлі күнге дейін арнайы заң­дар­дың жоқ­тығы алға қойған мақсаттар мен міндеттерді кідіріссіз жүзеге асыруға қол­бай­лау болып келеді. «Ғарыш қызметі тура­­­­­лы» заң жобасының Парламент қа­ра­уына ұсы­нылғанына үш жылдан ас­ыпты. Жу­ырда заң Мәжілісте талқыла­нып, бірінші оқылымда мақұл­да­нған. Енді Се­наттың талқылауына ұсы­нылмақ. Парламент Се­на­тының бір топ депу­тат­тары атал­мыш ғарыш орталы­ғын­да болып ақ­параттық-техникалық, кадрлық қам­ты­лу жағ­да­йы­мен егжей-тегжейлі танысты. Мұнда «Ға­рыш» агент­тігінің төрағасы Тал­ғат Мұса­баев, Ғарыш­тық байланыс республи­ка­лық орталығы­ның президенті Виктор Леф­тер ғарыш саласында атқа­рылып жат­қан жұ­мыстар туралы жан-жақты мағ­­лұ­мат берді. Агенттік жетекшісі биыл жазда Kaz­sat-2 спутнигінің ұшырылғанын, сынақ мерзімінің ойдағыдай өтіп жатқанын, есептік сынақтар аяқталғаннан кейін Қа­зақстанның меншігіне алынатынын айта келіп, жаңа жобаның еліміз үшін зор ма­ңыздылығын атап көрсетті. Оператор­ла­ры­мыз шетелдік спутниктік қызметтерін жал­дау үшін жыл сайын үш миллион дол­лар көлемінде шығынданады екен. Енді мұндай проблемалар орын алмайды. Бұ­дан былай спутниктік жүйе Қазақстанды, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін ақпараттармен қамтамасыз ететін болады. Еліміздің шалғай елді мекендері де спутниктік жүйені пайдалану мүм­кін­дігін иеленеді. Сенаторлардың қатысуымен өткен дөң­гелек үстелде көптеген ұсыныстар ай­тыл­ды. Т. Мұсабаев жиналғандардың на­за­­рына тағы бір жаңалықты жеткізді. Оның ай­туы­на қарағанда, Kazsat-3 спутнигін ресейлік және француздық компаниялар жа­сауды қолға алыпты. Жобаның құны 180 миллион долларды құрайды. Ол әлде­қай­да жетілдіріліп, батыстық үлгіде жарақ­тандырылған. Өмір ЕСҚАЛИ. Ақмола облысы.