• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2017

Маңғыстауда Құқық қорғау қызметтері орталығы ресми түрде ашылды

477 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзінші қадамын орындау барысында Құқық қорғау қызметтері орталығының ресми ашылуы салтанатты түрде өтті.

Азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатындағы Орталық құқықтық қызметті бір жерге біріктіріп, азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруді көздейді және жалпы аумағы 680 шаршы метр құрайтын ғимарат «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

- Ел Тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап мемлекетімізде заңдылықтар мен қоғамдық тәртіптің жағдайын, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз сақтауды Елбасы халқымыздың алдына басты мақсат етіп қойды. Қоғамның бірқалыпты өмір сүруі, елдегі тәртіп пен тыныштықтың орнауы ең әуелі құқық қорғау органдары саласының қызметіне тікелей байланысты. Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, Елбасы қойған мақсаттарға жету үшін бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Тәуелсіздік күніне орай біздің облысымызда Құқық қорғау қызметтері орталығы құрылып, 12 мекеменің мамандары тұрғындарға ақысыз түрде  құқықтық қызмет көрсететін болады. Бұл қызметкерлер Сіз тарапынан қойылған сұрақтар мен барлық мәселелерді заң аясында шешуге және көмек көрсетуге әрқашанда дайын», деді Маңғыстау облысының әкімің Е.Тоғжанов.

Құқықтық мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдауды тәжірибелі прокурорлар жүргізеді. Азаматтардың өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру үшін 8 мемлекеттік органның қызметкерлері тартылған, оның ішінде: облыс әкімдігі, жергілікті полиция қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі, еңбек басқармасы, мемлекеттік кірістер департаментінің және т.б., сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, медиаторлар және психологтар.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы