• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Қазақстанның несиелік көрсеткіші артты

275 рет
көрсетілді

Standard&Poor`s агенттігі дүй­­сен­бі күні Қазақстанның несиелік деңгейінің бір сатыға жоғарыла­ға­нын жария етті. Еліміздің несиелік болашағы «тұрақты» деген бағаға ие болып, ВВВ сатысынан ВВВ+ деңгейіне дейін көтерілген. Аталмыш агенттіктің сараптамасы бойын­­ша, несиелік деңгейдің көте­рі­луіне эконо­ми­калық тұрақты өсім мен бюджеттің ішкі та­бысына, қалыпты сауда оңтайлылығына әсер ететін негізгі өнім – мұнай өндіру ісінің артқандығы себеп болған. Сонымен қатар, елі­мізге сырт­тан келіп жатқан шетелдік ин­вес­тицияның өскендігі де әсер еткен. «Қа­зақ­станның тұрақты бюджет және сауда көрсет­кіштері, табиғи ресурстар мен шетелдік инвестиция көрсеткіші осы деңгейге көте­рі­луіне түрткі болып отыр» деп мәлімдеді Standard&Poor`s агенттігі. Қанат ЕСКЕНДІР.
Соңғы жаңалықтар