• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Желтоқсан, 2017

Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі отырыстар 21 желтоқсанда басталады

224 рет
көрсетілді

Сирияда ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілдік беруші елдердің делегациялары 21-22 желтоқсанда өтетін келіссөздердің келесі раундына қатысу мақсатында Астанаға келуде, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия бойынша Арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.

Сондай-ақ, алдағы кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ, бақылаушы елдер – АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады. 21 желтоқсанда көпжақты консультациялардың өтуі көзделуде. Жалпы отырыс 22 желтоқсанға жоспарланған.