• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 21 Желтоқсан, 2017

Басты бағдар – сыртқы нарық

607 рет
көрсетілді

Былтыр өңірде 525 мың тонна сүт өндірілсе, оның 49 пайы­зы үздіксіз жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындарға тиесілі. Тәуел­сіздік мерекесі қар­саңында заманауи құрал-жабдықтар орнатылған тағы бір ірі сүт зауыты іске қосылып, бәсекеге қарымдылық арта түсті. 

«Маслодел» ЖШС еліміз бойынша іргелі компаниялардың бірі саналады. Оның майлы дақылдар өңдейтін құрылымы Ғ.Мүсірепов ауданында орналас­қан. Ал Петропавл қала­сында пайдалануға берілген өн­діріс ошағында сиыр сүті тереңдетіп өңделіп, күніне 320 тонна өнім шығарылады. Су жаңа қондырғылар Швеция Корольдігінен жеткізілген. Бар­лық үдеріс автоматты түрде жүзеге асырылады. Тетра Пак желісі технологиялық үнем­ділігімен ерекшеленеді, электр энергиясы үш есе аз тұтынылады, ал өндіріс қуатты екі есе артатын болады. Ең бастысы, гер­мет­и­калық қаптамаларға құ­йыл­ған өнім төрт айға дейін сақталады. 

«Озық жобаның артықшы­лық­тары көп. Өнімнің санын ғана емес, сапасын да жақ­сартатын мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. 120 тұрақты жұмыс орны құрылды. Цехтар толық қуатына көшкенде жер­гілікті қазынаға 10 мил­лиард теңге мөлшерінде салық төленбек. Шикізат Солтүс­тік Қазақстан, Қостанай облыс­тарынан алынады. Келе­шек­­те қо­йылтылған тәтті сүт шы­ғару да жоспарланған», деді «Маслодел» серіктестігінің бас ди­рек­торы Павел Селиванов.

Үдемелі индустриялық-ин­но­­вациялық даму бағдар­лама­сы аясында қайта жаңғырту жұмыс­­т­арына 3 миллиард тең­ге­ден ас­там қаражат жұмсалып, мем­лекет­тің қолдауына ие болған. 

Биыл облыс бойынша 555 мың тонна сүт өнім­дерін өнді­ріп, қайта өңдеу көрсет­кішін 17 пайызға көбейту мін­­деті алға қойылса, меже қазі­р­­дің өзінде орындалып отыр. Қайта өңделетін өнімнің көле­мі 65 пайызды құрайды. 72 тауа­р­лы-сүт фермаларының төрт­тен бірі соңғы үлгідегі құрал­дармен жұмыс істейді. Енді Индустрияландыру картасы аясында 2,7 миллиард теңге бөлі­ніп, тағы 8 ферма ашу белгі­ленген. Осылайша отандық сүт өнімдері экспортқа үздіксіз жөнелтілетін болады.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы Суретті түсірген  Талғат ТӘНІБАЕВ