• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Желтоқсан, 2017

Ғани Нығметов: Тарихи публицистика стиліндегі бірегей құжат

546 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы – тарихи пуб­­ли­цистика стилінде жазылған біре­гей құжат. Елбасы кітапта тек жалаң факті мен цифрлар ғана келтірумен шектелмей, белгілі бір оқиғаларға өзінің бағасын беріп, сол кезде өзінің қандай сезімде болғанын сипаттайды.

Сонымен қатар «Тәуелсіздік дәуірінде» Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдері көшбасшыларымен қалай кездескені туралы, олардың Қазақстан туралы не айтқанын есіне алып, мемлекетіміздің дамуына әлем көшбасшыларының қалай әсер еткенін жазады. Ерекше айтып өткім келгені, бұл кітапта Президент Қазақстанның жаңа тарихын үш жаңғыру кезеңінің призмасы арқылы қарастырады. 

Өздеріңіз білетіндей, Қазақ­станның үш жаңғыру кезеңі бар. Бі­рінші жаңғыру кезеңі 1990 жылдардың басында – 1991-1995 жылдары болды. 1996-1999 жылдар аралығы – екінші жаң­ғыру кезеңі. Бұл кезеңде Қазақ­стан нарықтық экономикаға көшіп, стратегиялық мақсаттар қойып, нақты жоспарлауға көшті. «Қазақ­стан-2030» Стартегиясы соның айғағы. Үшінші жаңғыру 2000 жылдары басталды. Бұл жыл­дары экономика дамыды, эконо­миканың барлық салалары өсті. Қазақстан халықаралық ұйым­дарға мүше бола бастады. Бұл сыртқы саясаттағы үлкен жетіс­тіктерімізге айналды. Қазір Қазақ­стан Президенті алдымызға жаңа міндеттер қойды. Оның бас­тысы – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Міне, кітапта осының барлығы жан-жақты, кең ауқымда талданған. 

Менің ойымша, кітап Қа­зақ­станның жаңа тарихы туралы дайын оқулық. Бұл Президенттің барлық жастар мен студенттерге Тәуелсіздік күніне арнайы жа­саған үлкен сыйлығы. Бұл оның жеке естеліктері, жазбалары, жетекші саясаткерлермен келіс­сөздері топтастырылған үлкен еңбек. Тәуелсіздіктің не еке­нін түсінгісі келген адам, тәуел­сіздіктің нығаюын түсінгісі келген адам міндетті түрде осы кі­тап­ты оқуы керек деп ойлаймын. 

Ғани НЫҒМЕТОВ,  Еуразиялық интеграция институтының директоры