• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 22 Желтоқсан, 2017

Дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшу маңызды - Елбасы

294 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен 2017 жылды қорытындылауға арналған сұхбаты басталды. Бұл туралы Ақорда твиттердегі парақшасы арқылы хабарлады.

Ақорданың хабарлауынша, басқосуда Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Елбасы Үкімет пен Парламентке неліктен белсенділік танытудың, еркін жұмыс жүргізу қажеттігін айтып, Өмірзақ Шөкеевтің Премьер-Министрдің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалғандығына түсінік берді.