О.Жұмабековтің төрағалығымен Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің судьялардың іссапармен баруы және уақытша болмаған судьяларды ауыстыру амалын ендіру мүмкіндігі туралы ұсынымы қаралды.
Сондай-ақ Жоғары сот кеңесінің регламентіне өзгертулер енгізілді және сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды. Онда жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьялары қызметіне тағайындауға 7 үміткер және атқарып жатқан қызметтерінен 5 судья, оның ішінде үшеуі теріс себептермен, қызметтерінен босатуға Мемлекет басшысына ұсынылды.