• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Даму бағытындағы ізденістер

258 рет
көрсетілді

Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіровтің төраға­лығы­мен ҚР-дағы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы мен Адам құ­қықтары жөніндегі Дания инс­титутының арасындағы «Қазақ­стан Республика­сындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкілдің (Омбуд­сменнің) қолдауы» жобасы­ның аяқталуына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, дипло­матиялық корпустың, ғылыми орта­ның, бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысу­шылар атап өткендей, бұл жоба Уәкіл меке­месінің әлеуетін да­мыту бо­йынша ұмтылыстарды бірігіп ны­ғайт­тыру үшін маңызы зор болды. Жоба шеңберінде өткізілген іс-шаралар Қазақстанда Омбудсмен институтының әрі қарай инсти­туттық және функ­циялық дамуы үшін жағымды алғышарттар құрды.