• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Сенаторлар елге шықты

210 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының де­путаттары қарашаның 12-сінен бастап еліміздің аймақтарында жүр. Елде болу 20 қарашаға дейін жалғасады. Республика облыстарында бол­ған кезде сенаторлардың жұрт­шы­лықпен, жергілікті атқарушы және өкілді билік активімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулері көзделген. Кездесулерде индустриялық-ин­новациялық стратегия, әлеумет­тік жаңғыру, аймақтық дамуды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдау сала­сындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар ауда­рылады. Кездесулерде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы Декларациясы жобасының негізгі ережелері тү­сін­дірілетін болады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.