Шалғайдағы Үржар ауданының тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты тартумен қарсы алуда. Жақында өңір басшысы Б.Сапарбаев аталмыш ауданда болған кезде бірқатар әлеуметтік маңызды ғимараттардың ашылуына қатысты. Қытаймен шекаралас Бақты ауылында «Жол картасы» бойынша салынған екі қабатты дәрігерлік амбулаторияға 20 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Б.Сапарбаев мекеме басшысына «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды.
Сол күні аймақ басшысы тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Тәуелсіздік алаңы және «Балауса» балабақшасын салтанатты жағдайда ашты. Ал Науалы ауылында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 320 орындық мектеп пайдалануға беріледі.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
Шығыс Қазақстан облысы.