• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2018

«Атамекенім» акциясы бойынша мүгедектерге кәсіп ашуға мүмкіндік бар

476 рет
көрсетілді

«Атамекенім» акциясы аясында Атырау облысының шалғайдағы Қызылқоға ауданының тұрғыны бизнесін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Жаңабай Молдағалиев Ойыл ауданында тұрады. Бірінші топ мүгедегі екеніне қарамастан заман ағымынан қалмай кәсіпкерлерді қолдау орталығына барып, іс бастаудың қыр-сырымен танысқан ол мал терісін қабылдау және сату бөлімшесін ашқан.

«Бизнестің басқа да түрлерін меңгергім келеді, алайда мүгедектігіме байланысты банктерден несие алу қиын. Аудан басшылығына, жергілікті кәсіпкерлер Палатасына өтініш білдіріп едім, көмектескендеріне ризамын», дейді Ж.Молдағалиев.

Аудан әкімдігі кәсіпкерлерлермен бірлесіп Жаңабай Молдағалиевке принтер, ноутбук, фотоаппарат сыйға тартты. Жаңа жабдықтарға қол жеткізген кәсіпкер ауылдастарына компьютерлік және фотоға түсіру қызметтерін ұсынуды ойға алып отыр.

Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында айтылған әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған игі шаралардан ауыл халқының да тыс қалмағаны қуантады.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»