• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2011

Іс-қимылды жалғастыру тапсырылды

338 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің хат­шысы М.Тәжин Бас прокуратурада Экономи­ка­лық қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қ.Қо­жам­жаровтың, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Президент Әкімші­лігі­нің бөлім меңгерушісі А.Шпекбаевтың, Президент Әкімшілігінің, құ­қық қорғау органдарының басқа да жауапты қыз­мет­керлерінің қаты­суы­мен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қам­тамасыз етудегі құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ат­қа­ратын орнына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Бас проку­ра­тураның баспасөз қызметі. Бас Прокурор Асхат Дауылбаев және  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетінің төрағасы Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетінің тал­дамалы және ақпараттық-болжамдық жұмыстарында инновациялық техно­ло­гияларды қолдануының нәтижеле­рі туралы баяндады. Қылмыстық жағ­дай­дың үрдісі неғұрлым жетілдірілген превентивті құқық қорғау шара­ла­рын қабылдау үшін бүкіл құқық қорғау блогының күштерін шоғыр­лан­дыру қажеттігі ерекше атап өтілді. Қоғамдағы құқықтық құбылыс­тың барынша көп спектрлері туралы ең толық және расталған құқықтық ақ­параттарға ие заманауи ақпараттық технологиялар жұмыстағы аса ма­ңыз­ды тірек болып табылады, оны заң­ды­лық пен құқықтық тәртіпті қамта­ма­сыз ету ісіне дер кезінде және шебер қолданудың маңызы зор. Комитет бір интеграцияланды­рыл­ған деректер банкіне біріктірілген арнайы есепке алудың 13 түрін жүр­гі­зуді қамтамасыз етеді. Олардың ара­сын­да сондай-ақ террористік қызмет­ті жүзеге асырғаны және сот террористік деп таныған қызметті ұйым­дас­тырғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар туралы; экстре­мизм үшін және сот экстремистік деп таныған қызметті ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар туралы мәліметтер де бар. Өзектілікті және құқықтық тал­дау­ды ескере отырып, жаңа мәлі­мет­тер де қалыптастырылуда. Осы жылы мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдарды есепке алу енгізілді. Келешекте кәме­летке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау, ЖКО және онда зардап шеккендердің есебін жүргізу жоспар­ланып отыр. Қолдағы құқықтық ақпараттар 43 түрлі статистикалық есептемелер есебінен ұдайы толықтырылып тұрады. Олар­дың барлығы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде Бірыңғай бірегейлендірілген статистикалық жүйеге енгізілген. Енді, құқық бұзушы туралы толық ақпарат алу үшін құқық қорғау орган­дары бір электрондық сауал жіберсе болды, лезде жауап ала алады. Бұл ретте, қазіргі заманғы құқықтық статистика құқық қорғау органдарын құ­қық бұзу­шылықтардың алдын алуға бағыттау үшін талдау және болжау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер береді. Қатысушылар комитеттің арнайы есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру және қылмыстық-құқықтық статистика қалыптастыру жөніндегі жұмыс­тарымен танысты. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тә­жин құқық қорғау органдары қыз­метінің тиімділігін едәуір арт­ты­руға мүмкіндік беретін құқықтық статистика жүйе­сіндегі инновациялық жобаларды іске асыру нәтижелеріне оң баға берді.  Ол құқық бұзушы­лық­тар­дың алдын алу, азаматтардың құ­қықтарын пәрменді қорғау бойынша дер кезіндегі шара­лар­ды болжауға және қабылдауға бағыт­талған ақпараттық-талдау жұмыстарын одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-қи­мыл­ды жалғастыра беруді тапсырды.