• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әдебиет 19 Қаңтар, 2018

Атаның ақылы

1213 рет
көрсетілді

Аққайыңның бұтағын кеспе, көкем,  Сен үлкенсің, бұл байғұс бесте ме екен? Қол-аяғың секілді бұтақтары,  Аппақ болып әдемі өскен екен.   

Жүрсін осы ақылым есіңде енді,  Жолатпағын келсе де досың мейлі. Ұлы анамыз – табиғат, ағаш түгіл,  Бір тал шөбін жұлсаң да кешірмейді.   

Айтқаныма өкпелеп қалма, сірә, Көп келіп тұр атаңның ауласына.  Кім кепілдік ете алар осы бұтақ,  Ертең саған шаңырақ болмасына?..

Сәли Сәдуақасұлы