• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Қаңтар, 2018

UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

386 рет
көрсетілді

Лозаннада UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылып, 55 құрама төрт деңгейлі дода аясында 16 топқа бөлінді.

Қазақстан құрамасы «D» лигасындағы 1-топқа түсті. Осы лигадағы (дивизиондағы) ең күрделі төрттік болып шықты деп те айтуға болады. Грузия мен Латвияның осал еместігі белгілі. Андорра да өзіне келген мүмкіндікті құр жібермесі анық. Жанкүйер қауымды қызыққа әрі тартысқа толы ойын күтіп тұр.

«А» Лигасы

1-топ: Германия, Франция, Нидерланды  2-топ: Бельгия, Швейцария, Исландия  3-топ: Португалия, Италия, Польша  4-топ: Испания, Англия, Хорватия

«B» Лигасы

1-топ: Словакия, Украина, Чехия  2-топ: Ресей, Швеция, Түркия  3-топ: Австрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия  4-топ: Уэльс, Ирландия, Дания

«C» Лигасы

1-топ: Шотландия, Албания, Израиль 2-топ: Венгрия, Греция, Финляндия, Эстония 3-топ: Словения, Норвегия, Болгария, Кипр 4-топ: Румыния, Сербия, Црна Гора, Литва

«D» Лигасы

1-топ: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра 2-топ: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино 3-топ: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово 4-топ: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар

Айта кетейік, 55 команда УЕФА рейтингісі бойынша төрт дивизионға бөлінді. Рейтингі жоғары 12 команда А тобына, келесі 12 құрама В тобына, тағы 15-і С тобына, көрсеткіші төмен 16-сы D тобына жайғасты.

Топтық кезең биыл күзде басталады. А тобының жеңімпаздары 2019 жылдың маусым айында Ұлттар лигасының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Турнирдің финалдық кезеңі жартылай финалдан, финалдан және үшінші орыннан тұрады. Жеңіске жеткен құрама Еуро-2020 додасына жолдама алады.

Бұдан бөлек, Еуропа чемпионатына жолдама електік кезең арқылы да беріледі. Мұнда B, C, D топтарының жеңімпаздары өзара күш сынасады.

B, C, D лигасының жеңімпаздары келесі лигаға өтсе, А, В, С лигаларында соңғы орынға ие болған құрамалар төменгі дивизионға жайғасады.