Басында ақ кимешек қарқарадай,
Көркеймес көңілімен орта қалай?
Тиегін әңгіменің ағытқанда
Тілінен әжелердің бал тамады-ай.
Ақ шуақ жүздерінен төгілгендей,
Ашылып ақ жүрегі көрінгендей.
Ақ пейіл, ақ жаулықты әжелер-ай,
Күлгенде күн сәулесі себілгендей!...
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»