• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2011

Сұранысқа ие өнім

495 рет
көрсетілді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фауна» түйеқұс фермасы» ЖШС басшысы Евгений Чайковскийдің тіршілігі айтуға тұрарлық Ұлы дала самалымен көк байрағымыз­дың асқақ желбірегеніне, тәуелсіздік атты тәтті сөздің санамызға сіңгеніне 20 жыл. Осы уақытта Елбасының айрықша көңіл бөлуі арқасында ауыл шаруашылығын реформалау қарқын алды. Саладағы мүмкін­дік­тер нақтыланып, өнім өндірушілерге жағ­дай жасалды. Елді мекендер абаттан­ды­ры­лып, жол жөнделді. Әлеуметтік нысандар жаңарды, жақсарды. Евгений өткен жолын осылай әңгімелейді. Тәуелсіздіктің жемісі нәтижесінде алыс-жақынмен экономикалық байланыс орна­тыл­ды. Алыс-беріс, тәжірибе алмасу бас­тал­ды. Бельгия, Голландия, Италия мемлекеттері шаруагерлерімен байланысқа шы­ғып, түйеқұс өсіру тәжірибесін зерттеп-білуім  нәтиже берді. Бөлек селолық округіне қарасты Әймен елді мекенінен 2001 жылы 120 гектар жер телімін алып «Фауна» түйе­құс фермасы» ЖШС-ін құрдым. Көктемде-ақ, мемлекеттен алған несиеге қоражай, тұр­ғын үй жағдайымды жасап, құстың жем-шөбіне қажетті дақыл мен көкөніс сеуіп, мол өнімге кенелдік. Жаз ортасында шетелден әкелінген 150-дей түйеқұс балапан­да­рын жергілікті жағдайға бейімдеу тәжіри­бе­сін бастап кеттім. Қиындықтар кездесті. Міне, содан  бері 10 жыл өтті. Бүгінде «Фауна» табысты өндіріс көзіне айналып отыр. Рынокта түйеқұстың жұмыртқасы, бала­па­ны, терісі мен қауырсыны үлкен сұранысқа ие. Мәселен, жұмыртқасы мен балапанына Алматыдағы мейрамханалар көптеп тапсы­рыс береді. Фермерлер мен шаруагерлер де са­тып әкетеді. Өнеркәсіпте терісі мен қауыр­сыны бағалы шикізат болып саналады. Бизнестің өз құпиясы бар. Оны сақтау да заңдылық. Әрине, бәрін тәптіштемейін. Десек те, пайдасына қарай жем-шөп, күтімі, шығыны да көп. Бойының ұзындығын есептегенде 3 метрге жететін түйеқұсқа күніне түрлі көкөніс, асқабақ, сәбізді қосқанда 15-20 кило азықтық өлшем қажет. Баптау, аялауды құс өсірушілер Иосиф Левицский, Роза Суюнова, Қайратбек Қуанбаев тәрізді жандар қолға алып, табысқа жетуге өзіндік үлестерін қосып отыр. Серіктестікте арпа-бидай, жүгері, жо­ңыш­қа, көкөніс өсіріледі. Ауылшаруа­шы­лық құрал-жабдық, трактор, жүк көліктері бар. Міне, тәуелсіздік таңы әр адамның еңбек ету қабілетін шыңдады. Бейбіт аспан астында кездескен қиындықты жеңдік. Отбасымдағы бірлік-береке, бақ егемендік әкелген құндылықтар екенін түсінеміз. Әркез оны қадір тұтып, қазақ халқының қонақжайлығына, достық пейліне бас иеміз. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.