• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Ақпан, 2018

Еуро-2018. Футзалдан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездеседі

219 рет
көрсетілді

Футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында кездесетін командалар анықталды.

Ширек финалдың соңғы ойыны Испания мен Украина арасында өтті. Оның қорытындысы бойынша Испания 1:0 есебімен басым түсіп, 1/2 финалға жолдама алды. Ал жалғыз голды Адриан Пол 18-минутта салды. Енді Қазақстан құрамасы доданың жартылай финалында дәл ос испандармен сынға түседі. 

Ширек финалда отандастарымыз Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңген болатын. Айта кетерлік тағы бір жайт, Қазақстан мен Испания осыған дейін екі мәрте кездескен. 2016 жылы "қызыл фуриялар" 5:3 етіп жеңген болса, әлем чемпионатының 1/8 финалында 5:2 есебімен басым түскен.

Қазақстан құрамасы енді финалда немесе үшінші орын үшін кететін кездесуде Португалия-Ресей құрамаларының бірімен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар