• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Міндетті Сенат атқаратын болады

394 рет
көрсетілді

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында Мәжіліс болмаған кездегі Парламенттің заң шығару міндеттері туралы айтылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Мәми атап өткендей, Президент Н.Назарбаевтың Жарлы­ғы­мен төменгі палатаның өкі­лет­тігі тоқтатылды. Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Қа­зақ­стан Республикасы Конститу­ци­я­сы­ның 55-бабына сәйкес, Пар­ламенттің заң шығару міндетін Сенат орындайтын болады. Қазіргі кезде Сенат қарауында 15 заң жобасы, Мәжіліс Аппа­ра­тынан алынған заң жобаларының ішінде Парламенттің 5-ші сес­сиясының ашылуында Мемлекет басшысы белгілеген заң жоба­ла­ры бар. Бұл заң жобалары елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық да­муы мен халықаралық міндеттемелерін орындауды заң­на­малық тұрғыда қамтамасыз етеді. Бәрін қосқанда, Сенат 54 заң жобасын қабылдау жөніндегі жұ­мыстарды қолға алатын болды. Қ.Мәмидің айтуынша, Сенатта жос­парлы түрде жұмыстар жүргі­зі­леді және қабылданатын заң­дар­дың сапасына баса назар аударылады. Бюро отырысында Мәжілісте мақұлданған және Парламенттің төменгі палатасы Аппаратынан сұратып алынған заң жобалары комитеттер мен Сенат Аппа­ра­тына берілді. Бюро отырысында сондай-ақ биылғы 24 қарашада бола­тын кезекті Сенат отырысының күн тәртібіне ұсыныстар қа­рал­ды. Алдағы отырыста халық­аралық келісімдер, конвенциялар және шарттарды ратификациялау жө­ніндегі бірқатар заң жобаларын талқылау жоспар­ланып отыр. Депутаттар «Неке (ерлі-зай­ып­тылық) және отбасы туралы» кодекс жобасын, «Нотариат ту­ралы» Заңға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы», «Қа­зақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне банк қыз­метін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қа­рай­тын болады.