• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек

183 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Біз қолжетімді баспана жайлы айтып отырмыз, оны адамдарға пайдалануға беру үшін салып жатырмыз. Бірақ адамдар әлі күнге дейін ескі үйлерде тұрып жатыр, ал жаңа үйлерді жалға береді - ақша табу үшін. Бұл дұрыс та шығар... Бірақ бізге ескі үйлерді бұзу керек", - деді Президент. Оның айтуынша, бұл мәселеге мемлекеттік-жеке серіктестікті араластыру керек.

"Мысалы, төрт қабатты ескі үйлер тұр, олардың салынғанына 60-70 жыл болды. Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек. Бұл тиімді ғой. Бизнеске ұтымды болады. (...) Мұнымен қоса, бұл жақсы тұрғын үйлерге көшуге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді. "Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек", - деген еді Президент Сағынтаевқа. Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.