• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2018

Елордада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

147 рет
көрсетілді

12 ақпан күні Тәуелсіздік көшесіндегі «Нұр Отан» партиясының ғимаратында азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесін қолдау және бірыңғай бағдарламаны дамытуды жүзеге асырудың механизмін, өңірлік бағдарламаларды, «Көше саудасы» бағдарламасын түсіндіру бойынша ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш іс-шараға екінші деңгейдегі банктер, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ, «Astana – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және т.б. қатысады.

Іс-шараны Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырады.

Өтетін уақыты: сағат 15:00-тен 18:00-ге дейін.