• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2011

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: біз сіздің уақытыңыз бен қаржыңызды бағалаймыз!

327 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге қызмет көрсетуге жан-жақты қарайды. Сізге ыңғайлы болуы және ақшаңызды үнемдеу үшін «Қа­зақ­станның тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі» АҚ «Қазпошта» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен баспаналық қор жинау жүйесінің са­лымшыларына сервистік қызмет көр­сету бойын­ша шарт жасады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері мен салымшыларының екі мәрте жолы болды деу­ге болады. Енді баспаналық құрылыс жинақ қорының қатысушысы болуды тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңселе­рін­де ғана емес, Қазпошта бөлімшеле­рінде де жүзеге асыруға болады! Клиенттер пошталық байланыс бөлімше­лерінен баспаналық құрылыс жинақ қоры жүйесі мен тарифтік бағдар­ла­ма­лар туралы толық кө­лемд­е кеңес ала алады. Бірақ та заем беру бой­ын­ша шешім және клиенттің төлеу қабілетін анық­тау Банк құзыретінде қалады. Яғни, Сіз баспаналық құрылыс жинақ қоры жү­йесі бойынша шарт жасадыңыз және өз пә­те­ріңізге баспа­налық заем бойынша ай сайын жарна төлеп, қаржы жинай бастадыңыз делік. Кей-кезде қажетті қаржылық опе­рацияны жүзеге асыруға уақыт тап­шы болып жатады. Мұндай уақыт тап­шы­лығында Банк серіктестері «Қаз­пошта» АҚ жә­не «Қазақстан Ха­лық Банкі» АҚ көмекке келеді. Енді «Қазақстан Халык Банкі» төлем кар­точ­касының және «Қазпошта» есеп кассаларының кө­мегімен Банк клиенттері үшін уақыт тапшы­лы­ғы тарифтік бағдарлама бойынша есеп-шотты тол­ты­ру және заемды жабу үшін кедергі бола алмайды. Банктің тарифтік бағдарлама жү­йе­сімен та­ны­су үшін клиенттерге ай­тарымыз, Банкте «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» бағдар­ла­ма­лары бойынша баспана сатып алу­ға, үй салу және баспананы жөндеуге ақша жинай бастауға болады. Жинақтау мерзімі мен төмен мөл­шердегі пайыз Сіздің баспанаға ие болу арманыңызды жүзеге асырады! Жинақтау принципі оңай: аздан көп­ке, яғни, шамалы сомадан жинап бастап ұл­ғай­та бересіз. Мысалы, «Бастау» – баспана алу­дың ең қысқа жо­лы, бұндағы жинақтау мерзімі 3,5 жыл, заем 6 жылға жылдық 5% беріледі (жыл­дық тиімді сыйақы 5,3% дейін). Ең ұзақ мерзімді бағдарлама, балаларының болашағын осы бастан ойлайтындар үшін – «Болашақ» тарифі, жинақтау мерзімі – 15 жыл. Заем 25 жылға жылдық 3,5% сыйақы мөл­шер­лемесімен беріледі (баспана зае­мы­ның жылдық тиімді сыйақысы 3,6% дейін). Бір қалыпты, асықпай қаржы жи­най­мын деген клиенттер үшін «Өркен» және «Ке­мел» тарифтері қо­лайлы! «Өркен» бағдарла­ма­сындағы жинақтау мерзімі 5,5 жыл, баспа­на­лық заемды беру уақыты 10 жылға дейін, жыл­дық сыйақысы 4,5% (баспана заемының жылдық тиімді сый­ақысы 4,7% дейін). «Кемел» тарифтік бағдарламасының айырмашылығы жинақтау мерзімінде 8,5 жыл, ал, баспана заемы 15 жылға беріледі, жыл­дық сыйақысы 4% (баспана заемы­ның жылдық тиімді сыйақысы 4,2%). Баспаналық жинақ қоры пайда болғаннан бері қазақстандықтар өз баспана жағдайларын ар­тық күш салмай, жоспарлы түрде шешу мүмкін­ді­гіне ие болып отыр. Сонымен қатар, адам өмірінде болып жататын көпте­ген жақсылықтар да баспана мәсе­лелерін оңтайлы тұрғыда шешуге жол беріп жатады. Мысалы, қажетті сома жоспарлаған уақыттан жылдамырақ жиналып, болмаса табыс ұлғайған жағ­дайда, жинақтаусыз-ақ баспана са­тып алу мүмкіндіктерін туғызады. Банкте бұндай топтағы клиенттерге алдын ала және аралық несие беру қарастырылған. Бұл баспана заемда­ры бойынша Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі 2011 ж. 1 шілдесінен 25 жел­тоқсанын қоса пайыздық мөлше­рін төмендеткен. Мысалы, стандарт­тық аралық баспана заемы бойынша пайыз мөлшері жылына 8,5% (баспана заемының жылдық тиімді сыйақы­сы 17,5%). «Жеңiл» несиелеу бағдар­ла­масы бойынша негізгі қарыздың төленуін 3 жылдан аспайтын мерзімге дейін кейінге қалдыру, пайыздық мөлшері 9,5% құрайды (тиімді жыл­дық сыйақы мөлшерлемесі – 15,7%). Сондай жақсы нышан алдын ала берілетін заемдарға да қатысты. Заем­ның бұл түрі бой­ын­ша үдеу бары­сын­да, яғни жинақ қоры сомасы­ның өсуі­не байланысты жасалатын жеңілдік­тері бар. Егер шарттағы көрсетілген соманың 0% – 25% жиналған болса, ондағы пайыздық мөлшер жылына 11% (жылдық тиімді сыйақы мөлшері – 15,1%-ға дейін). Егер клиент шартта көрсетілген соманың 25% – 50% жинаған болса, жылдық пайыздық мөлшер 10,5% болады (жылдық тиімді сыйақы мөлшері – 17,3%-ға дейін). Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс істеу пайдалы және ыңғайлы. Бұл жерде Банк серіктестері – Қаз­пошта және Халык Банкі де өз үлес­терін қосуда. Жер, ел қаншалықты кең болғанымен серіктестердің көме­гімен қашықтық та, уақыт та ойды іске асыруға кедергі болмайды . Халық Банкінің филиалдары мен пошталық байланыс жүйелері артық уақытты жоғалтпай, кесте бойынша уақытылы төлем жасап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Осыған байланысты шалғай­дағы халық та өз болашақтарын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен байланыстыру мүм­кін­шілігін алып отыр. Қазпошта қызметкерлері онлайн түзімінде баспана жинақ қоры туралы шарт жасай береді, клиенттерге Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі атынан есеп-шот аша алады, салым бойынша сыйақы мөлшерін есептеп, мемлекеттік сыйлықақыны санайды. Халық Бан­­кінің банкоматтары жасалған тө­лем­дерді қабылдап есепке алады. Яғни, еш кезексіз, кесте бойынша тө­лем жаса­ла­ды. Ал, егер демалыста, шет­елде бол­ған, болмаса жұмыс жағ­дайы бойынша басқа қалада болғанда да Халық Бан­кінің көмегімен төлем жасай аласыз. Қазірдің өзінде Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ қорының қатысушысы бо­луыңызға болады. Ең бастысы – Тұр­ғын үй құрылыс жинақ қоры ту­ралы шарт жасауға қажетті құжаттардың болуы. Қажетті құжаттар: СТН/ИИН және жеке бас куә­лігінің түпнұсқасы. Егер шарт балаға жасалатын болса, қосымша туу туралы куәлік керек, егер үшінші тұлғаға жасалатын болса сол адамнан сенімхат болуы керек. Әрі қарай өзіңізге қолайлы тарифтік бағдарламаны таңдайсыз: «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ». Әрі шартта көрсетілетін соманы ан­ық­тайсыз. Осы кезден бастап Сіз және Сіздің жақындарыңыз үшін жа­ңа кезең басталмақ! Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкінің серіктестерінің көмегін пайдалана оты­рып уақы­ты­ңыз бен қаражатыңызды үнемдейсіз! Дина АЙКЕНОВА, Ибрагим КАППАСОВ. __________________ Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz