2011 жылғы 19 мамырда Минскіде жасалған Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы
21 қараша.№494-IV ҚРЗ
Табысты қызметі үшін алғыс
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустенді оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Қ.Мәми Еуропа дипломатына табысты қызметі үшін алғыс айтып, оның Қазақстан мен Еуропа ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
– «Еуропа Одағы Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады», – деді Қ.Мәми және ол Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы екіжақты ынтымақтастықты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерудің шынайы мүмкіндіктеріне ие екенін атап өтті.
Жоғары деңгейдегі үнқатысудың дәйекті түрде дамып келе жатқанына екпін түсіре сөйлеген Төраға Еуропа Парламентімен парламентаралық байланыстарды одан әрі белсенділендіру жайына да айрықша тоқталды және алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысты оның халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес өтетініне сенім білдірді. «Сайлау ашық, айқын және демократия тұрғысында өтетін болады», деді осы орайда Қ.Мәми.
Төрағаның пікірінше, конституциялық кепілдігі бар көппартиялық Парламенттің қызметі Қазақстандағы демократиялық жаңаруларды одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
Н.Жустен өз кезегінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор мүмкіндіктер бар екенін айта келіп: «Біздің бір-бірімізден үйренеріміз көп», деді сөзінің соңында ол.
Қазақстанды тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады және осыған байланысты қазақстандықтардың өз жетістіктерімен мақтануға хақы бар екендігін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Заңы
Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы
2011 жылғы 19 мамырда Минскіде жасалған Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы
21 қараша.№494-IV ҚРЗ