• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №494-IV

260 рет
көрсетілді

  Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 мамырда Минскіде  жасалған Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден ода­ғы­ның жұмыс істеуі туралы шарт ра­тификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы

21 қараша.№494-IV ҚРЗ

Табысты қызметі үшін алғыс

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустенді оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Қ.Мәми Еуропа дипломатына табысты қызметі үшін алғыс айтып,  оның Қазақстан мен Еуропа ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

– «Еуропа Одағы Қазақ­стан­ның маңызды стратегиялық әріп­тесі болып табылады», – деді Қ.Мәми және ол Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы екіжақты ынтымақтастықты са­па­лық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерудің шынайы мүмкін­дік­те­ріне ие екенін атап өтті.

Жоғары деңгейдегі үнқа­ты­су­дың дәйекті түрде дамып келе жатқанына екпін түсіре сөйлеген Төраға Еуропа Парламентімен парламентаралық байланыстарды одан әрі белсенділендіру жайына да айрықша тоқталды және ал­да­ғы Парламент Мәжілісінің сай­лауы­на қатысты оның халық­ара­лық ережелер мен стандарттарға сәйкес өтетініне сенім білдірді. «Сайлау ашық, айқын және демократия тұрғысында өтетін бо­ла­ды», деді осы орайда Қ.Мәми.

Төрағаның пікірінше, консти­ту­циялық кепілдігі бар көппар­тиялық Парламенттің қызметі Қазақстандағы демократиялық жа­ңаруларды одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Н.Жустен өз кезегінде Қазақ­стан мен Еуропалық Одақ ара­сын­дағы өзара тиімді ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамытуға зор мүмкіндіктер бар екенін айта келіп: «Біздің бір-бірімізден үйре­не­ріміз көп», деді сөзінің соңында ол.

Қазақстанды тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады және осыған байланысты қазақ­стан­дықтардың өз жетістіктерімен мақтануға хақы бар екендігін атап көрсетті.

 

Қазақстан Республикасының Заңы

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 мамырда Минскіде  жасалған Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден ода­ғы­ның жұмыс істеуі туралы шарт ра­тификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы

21 қараша.№494-IV ҚРЗ