Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа еңбегі туған халқының кемел болашаққа бағыт алған ұмтылысын айғақтай білуімен ерекшеленеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьКітаппен танысу барысында оның қалың көпшілікке арналғанын бірден түсінесіз. Автордың өз тәжірибесінен келтіріп отырған ой-толғамдары әдемі ырғақпен баяндалып, оқырманды тереңіне тарта жөнеледі. Мұнда жаңа экономикаға негізделген саяси, әлеуметтік, рухани жаңғыру барысындағы қайшылықтар айтылып қана өтпейді, оны шешудің нақты жолдары көрсетіліп те отырады. Елбасы ядролық қарусыз әлем жолындағы, ұлтаралық және дінаралық келісімнің дара үлгісін қалыптастырудағы эволюциялық жолмен тұрғындардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз етудегі қол жеткен жетістіктерімізді саралап көрсетеді. Еңбекте Тұңғыш Президент – Елбасының тәуелсіздік жылдары жақсы өмірге қол жеткізу барша халықтың ынтымақты бірлігі мен келісімін нығайтудағы ерен еңбегінің менмұндалап тұруы керемет көрініс береді.
Кітапта тәуелсіздігіміздің даму үлгісінің табиғаты мен эволюциясы жан-жақты сараланған. Бұл еңбекте мемлекеттің ішкі саясатының айтулы жетістіктері нақты мысалдармен дәлелденіп, қарапайым оқушыға түсінікті тілмен түсіндірілген. Жүректі тербеген «Тәуелсіздік дәуірін» қолға алған әрбір оқырманның кеудесін елінің ерен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімі кернейді. Шығармада тәуелсіздік алғаннан бергі Отанымызда болып жатқан айтулы оқиғалар мен оның астарындағы ауқымды шаралар ерен жетістіктерге жетелеген іргелі істер уақыт шежіресіндей сипатталады.
Кітаптың «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» деп аталатын алғашқы бөлімі 1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтитыны белгілі. «Тәуелсіздік дәуірінің» екінші жаңғырту баяндалатын «Ұлы бетбұрыс», «Қазақстанның екінші жаңғыруы» тарауларында Елбасының тікелей басшылығымен қазақстандық бірлік пен келісімнің үлгісі, оның қағидаттары мен бірегейліктің ірге қалар негіздері қалайша қалыптасқанын байыптайсыз. Ал үшінші жаңғыру кезеңі туралы бөлімде жаңа қазақстандық отаншылдық рухты анық аңғарасыз.
Қорыта айтқанда, «Тәуелсіздік дәуірі» жанымызға ерекше бір жылылық сыйлады. Бәлкім, тәуелсіздік жылдарының тағылымды табыстарының жемісін татып отырғандығымыздан да солай шығар. Осындай айшықты оқиғаларға толы заманда өмір сүріп жатқанымызды біз бақыт санауға тиіспіз.
Садық МҰСТАФАЕВ,
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры
АЛМАТЫ