• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2018

Оралда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

261 рет
көрсетілді

Орал қаласының іргесіндегі Деркөл кентінде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1 434,1 млн теңге мемлекет қаржысына көтерілген мектеп ғимараты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған.

«Альтаир» құрылыс компаниясы құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айында бастаған еді. Міне, бір жыл ішінде 6 корпустан тұратын сәулетті ғимарат дайын болды.

600 оқушыға арналған мектепте бар­лығы 56 оқу кабинеті бар. Оның 4-уі муль­­тимедиялық, 4-уі информатика ка­би­­неті болса, физика, биология, химия пəні кабинеттері арнайы зертханалармен жабдықталған. 25 оқушыға арналған оқу залымен қамтылған кітапхана, 200 орындық акт залы мен қос спорт залы, 130 орындық асхана оқушылардың алаңсыз білім алуы­на толық мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушыларды жан-жақты тәр­биелеу мақсатында арнайы 2 оқу шебер­ха­насы да жасақталған. Жеті кабинет ин­т­ерактивті тақтамен жабдықталса, мект­еп радиосы үшін де бөлме арналған. Одан бөлек психолог, логопед және мед­қыз­­мет­­кер­лерге де арнайы кабинеттер қарас­ты­рыл­ған. Мек­тепте өнерлі бала­ларға арналған «Шабыт» орталығы да жұмыс жасамақ.

Жиналған қауымды айтулы шарамен құттықтаған облыс əкімі Алтай Көлгінов Елбасының биылғы Жолдауында білім беру саласына ерекше көңіл бөлін­гендігіне тоқталды.

– Осындай мектеп ғимаратының салынуы – ең алдымен мемлекеттің зор қолдауының нəтижесі. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыста мектеп құрылысы үшін 3,5 млрд теңге бөлініп, барлығы 2400 балаға арналған 4 мектеп құрылысы қолға алынған еді. Соның бірін бүгін салтанатты жағдайда ашып отырмыз. Биыл Елбасы өзінің халыққа Жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталды. Соның ішінде жаңартылған бағдарлама бойынша оқудан өткен мұғалімдердің жалақысын 30-50%-ға өсіру туралы айтты. Біз де өз тарапымыздан мұғалімдердің біліктілігін арттыру мəселесіне мəн береміз. Сондай-ақ мектептердің техникалық қамсыздандырылуы ұдайы назарда. Облыс бойынша ауылдарда 223 шағын жинақталған мектеп бар. Биыл оларды сапалы электронды контентпен қамтитын боламыз. Бұл өз кезегінде қала мен ауыл мектебінің арасындағы айырмашылықты азайтуға септігін тигізеді. Білімді ұрпақ – елдің болашағы. Тәуелсіздігімізді нығай­тып, алға жетелейтін бүгінгі оқушылар. Сондықтан мемлекет олардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндікті жасап отыр, деді Алтай Сейдірұлы.

Жаңа мектеп 25 сыныпқа 500 баланы қабылдап отыр. Сондай-ақ мектеп жанынан 100 балаға шағын орталық жұмыс жасайтын болады.

Айта кету керек, биыл Ақжайық, Бөр­лі, Қазталов аудандарында да жаңа білім ошағының құрылысы жүруде. Жыл са­йын мектеп оқушыларының саны да артып келеді. Мәселен қазіргі таңда облыс бойынша оқушылардың саны 48 мыңнан асса, оның 2900-ы тек соңғы оқу жылында қосылған.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы