• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2018

Қостанай облысында өткен жылы 317 ата-ана балаға екпе жасатудан бас тартқан

497 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Орал Бекмағамбетов өткізген брифингте осылай мәлімдеді. 

Мұның өзі алдыңғы жылға қарағанда азайғаны деу керек. 2016 жылы 350 ата-ана екпенің керек еместігін айтқан екен. Әсіресе, 2 және 5 жастағы балалары бар 143  ата-ана осы медициналық шараға қарсылығын білдірген. 60 ата-ана 1 жасқа дейінгі, 72 ата-ана 1-2 жасар сәбиіне, 42 ата-ана 6-15 жастағы балаларына  екпе жасату керек емес деп біледі. Әсіресе, мұндай ата-аналар негізінен Жітіқара мен Таран аудандары мен Арқалық, Қостанай, Лисаков қалаларында көп екенін байқалған. 

Жалған діни сенім, вакцинаның сапасына, тиімділігіне  сенімділік көрсетпеу, оны зиян деп білу және 2-3 балалары бар ата-аналардың «екпе жасатпасақ та бала ауырған жоқ» деген сөзін желеу ететіндер екпеден бас тартудың негізгі себептері болып табылады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай