• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2018

Қарағандыда «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтті

317 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтті.

Биыл – Бұқар жыраудың 350 жылдық ме­рей­тойы. Әйгілі жыраудың өз за­ма­нындағы өзекті деген мә­се­­ле­нің бәрін назардан тыс қал­дыр­май, олардың шешімін табуға ұмтыл­ған қайраткер тұлға екендігі бел­гілі. Қарағандылық суретші Айбек Бегалин болса, өзінің туындысында жырауды осы қырынан танытуға күш салған.

Жалпы, көрмеде портреттік жанр жұрт назарына кеңінен ұсы­нылды. Қазыбек би, Құрман­ға­зы, Абай Құнанбаев, Шашубай Қошқарбаев, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтбаев және Олжас Сүлейменов сынды алаш асыл­да­рының кенептегі кескіндері жұрт на­зарын өзіне аудармай қоймады. Көрмеге келушілер қылқа­лам­ның айтулы шеберлері Әбіл­хан Қастеевтің, Қанафия Тел­­жа­новтың, Гүлфайрус Исмаил­о­ва­ның, Хамза Кикимовтің және бас­қа да суретшілердің туындыларымен жақынырақ танысты.

Бұл мәдени шарада Мингиш Әбіл­қасов, Мұрат Қалқабаев, Жүр­­сін Балкенов сияқты шебер­лер­дің адам баласының ұғымын әлем­ді тану философиясымен ұшы­растыратын метафора және символ тіліне сүйенген туындылары төрден орын тапты.

Сондай-ақ елімізді индус­трия­ландыру тақырыбын қыл­қа­­ламның көмегімен ашқан Мә­жит Байтенов, Михаил Под­лес­ный, Владимир Ким сынды су­рет­ші­лердің еңбектері де тал­ға­мы би­ік келушілер тарапынан лайық­ты бағасын алды.

Сонымен қатар көрме аясында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Қазыбек би және Бұқар жырау» атты музей сабағы өтті. Оған мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қайрат ӘБІЛДА, «Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ